link
Кеше Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар облыс орталығындағы Абай даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өзгертуді қолдап, бір кісідей дауыс берген еді. Тиісті құжат Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілген болатын. Алайда бұл шешім ономастика комиссиясы мүшелерінің тарапынан қолдау таппады.
Комиссия мүшелері өзгерту үшін көшені таңдауды қайта қарауға ұсыныс білдірді. Осыған байланысты Абай даңғылының атын өзгерту туралы мәселе әзірге күн тәртібінен түсті. Алдағы уақытта Қостанай қалсындағы орталық көшелердің бірін Н.Назарбаевтың атына беру мәселесі заң аясында азаматтардың қарауымен, ұсынысымен белгіленген тәртіп және мерзіммен қаралатын болады.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»

No comments:
Post a Comment