Pages

Sunday, June 23, 2019

Ономастика мәселелері қаралды

ссылка

Бүгін 19 маусым аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбанда қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтті.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабырдың модераторлығымен өткен кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі саясаттанушы, лингвист-ғалым Досмахамбет Көшім қатысып, ономастика заңдылығы, талаптары мен қоғамдық пікірдің ескерілуі туралы ой бөлісті.
Кездесу барысында тұрғындар белгілі тұлғалар есімін елді мекен, көше атауларына ұсыну шарттары, идеологиялық мәнін жойған ескерткіштердің жай-күйі туралы сұрақ қойып, пікір білдірді.

No comments:

Post a Comment