link
Кез келген елдің тарихи жадын өшіріп, жерін иемденіп алу үшін басқыншылар алдымен жер атауларын, тарихи тұлғаларын жоюға күш салған. Сонда тамырынан ажырап, болмысын жоғалтып алған ұлт өзінің кім екенін де біртіндеп ұмыта бастайды екен. Отарлаушылар өз мақсатына қол жеткізу үшін осындай істерді мықтап жүргізген. Қазақ халқы да небір қилы замандарды, жаугершіліктерді бастан өткерді. Елімізді отарлауды мақсат тұтқан басқыншылар, біздің де жер су-атауларын өзгертіп жіберуге күш салған. Олар әлденеше заман өтіп, ұрпақ ауысқаннан кейін сол жерлер атауына байланысты өз жері болып шыға келетінін жақсы білген. Сондықтан осындай қиянатқа барған.
Міне айтып отырғанымыздай кәрі тарихтың қанды парақтарында ел мен жер тарихының көз жасы төгіліп тұр. Өйткені кең байтақ атамекеніміздегі жер-су атауларының көбі тарихи атауларын жоғалтып алғаны белгілі. Тарихқа көз жүгіртсек бұндай өзгерістер ұлтымыздың өмір жолында көп болыпты. Арыға бармай-ақ жоңғар-қалмақ шапқыншылығынан бастап көз жүгіртсек жеткілікті. Соның кесірінен әлі күнге дейін көптеген жерлеріміз жоңғар-қалмақ сөздерімен аталады. Осы ретте кейбір атауларға қатысты пікірлердің екі түрлі екенін де ескерген жөн. Сондықтан әлі де зерттеуді қажет ететін сөздер көп. Ал одан кейін патшалық Ресейдің отарлау саясатының кесірінен өзгеріп кеткен атаулардан көз сүрінетінін айтпасақ та болады.
Осы олқылықтың орынын толтыру жолында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында атқарылған жұмыстар ауқымды. Бағдарламада ономастика саласына да көп көңіл бөлінген. Онда «...ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру арқылы, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу, қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделеді. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіре түсу, сондай-ақ, географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу талап етіледі» – деп нақты көрсетілген. Осы бағыттағы жұмыстар бағдарлама аясында жүйелі түрде атқарылып келеді. Бұл мәселеге жер су-атауларын зерттеуші ғалымдар мен тілді зерттеуші ғалымдар да үлес қосып түбегейлі айналысуда.
Қазірдің өзінде мемлекеттік бағдарламаның арқасында бабадан қалған қасиетті жерлеріміздің төл атаулары қайтып оралып, көптеген елдімекендер мен көше аттары өзгертілді. Әлі де атқарылар жұмыс жетіп артылады. Сондықтан әр аймақ пен өңірдегі тілдерді дамыту жөніндегі басқармалар тоқтаусыз жұмыс істеуде, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда. Атап айтсақ өткен аптаның аяғында ғана Алматы облыстық тіл басқармасының ұйымдастыруымен ономастика тақырыбында семинар-кеңес болды. Бұл шара Талдықорған қаласындағы тіл сайрайында өтті. Семинарда тіл туралы мемлекеттік бағдарламаның іске асуы жөнінде талқыланды.
Аталмыш басқосуға тіл білімі институтының ғалымдары, облыстық университеттің ұстаздары, статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық басқармасының мамандары, өңірге қарасты аудандардың тіл дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, қала тұрғындары мен баспасөз өкілдері, жарнамамен айналысатын мекемелердің бас мамандары жиналды.
Жиында мемлекеттік тілдің беделін арттырып, қолданыс аясын кеңейту, Алматы облысындағы ономастика саласының жай-күйі, жарнама мәселесіндегі түйткілдер мен оларды қазақыландыру жолдары сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Әсіресе жарнамадағы аударма мәселесі қатты сынға түсті. Ондағы орыс тілінен сауатсыз аударылған мәтіндердің сын көтермейтін жағдайы туралы айтылып, оны түзетудің жолдары қарастырылды. Осы тақырыпта баяндамалар жасалды. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшуге дайындық барысындағы жұмыстар да талқыға түсті. Белгілі бір атауларды, яғни жер-су атауларын, ауыл-қала атауларын, көше аттарын, мекеме аттарын латын қаріпімен жазған кезде қателікке бой ұрмай, дұрыс жазуға көп көңіл бөлу керектігі баса айтылды. Сондықтан арнайы нұсақаулық құралдарын әзірлеп, жазу ережелерін түсіндіру жұмыстарын жолға қою туралы ұсыныс пікірлер тындалды. Жиналған мамандар өздерін мазалап жүрген көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, оған тыңғылықты жауап алды. Семинар-кеңесте тарихи атаулардың, ақпараттардың дұрыс жазылуы ұлттық рухтың, елдіктің алтын бастауы, қайнар көзі екені жайында келелі ойлар айтылды. Елдің елдігі, адамдарының білім деңгейі дұрыс, қатесіз жазу барысында бірден байқалып тұрады. Ел мұраты жолында ономастика саласындағы кемшіліктермен күрес тоқталмайды. Өйткені ономастика саласын дамыта түсу еліміздің ең басты және құнды мұраты.
Түптеп қараған адам ономастика саласының өте маңызды екенін бірден түсінеді. Өйткені ол жай ғана ғылым емес, өте астарлы саясат. Сондықтан Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұл жұмыстарға жіті мән беріліп алдын ала болжамдар жасалынғаны белгілі. Бағдарламада ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау үдерісін талқылауда қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бойынша тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейіне ерекше мән берілген. Ол деңгейлерді әр кезеңдерге топтастырып бөліп көрсеткіштерін анықтап берген. Атап айтсақ ономастика жұмысына тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі 2014 жылға қарай – 60 пайыз, 2017 жылға қарай – 75 пайыз, ал 2020 жылға қарай – 90 пайыз болады деп жоспарланған. Бұл көрсеткіштер бүгінгі таңда толғымен атқарылып келеді. Бұл саланың айналасында қордаланған мәселелер көп болғандықтан әр қадамды жасамас бұрын әбден талқыланып барып іске асыруды талап етеді. Онда барлық жағы ескерілуі тиіс. Өйткені жер-су атауларында күллі Қазақстан халқының мүддесі көзделуі керек. Ол мәселеде түрлі көзқарастар болатыны айтпасада түсінікті. Міне, сондықтан да ономастика саласы ешкімді де сырт қалдырмайды. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе. Ономастика көшін түзету арқылы әр ұлт өзінің мұрасын болашаққа шашау шығармай апаруды көздейді. Әрбір азаматтың осы тұрғыда өз пікірі мен ойы, ұсынысы болары сөзсіз. Соның бәрі ескерілгенде барып дұрыс таңдау жасалынбақ.
Ономастика сөз болған кезде Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен атқарылып келе жатқан іргелі жұмыстардың алар орны ерекше. Еліміздегі тамырына қан жүгірген барлық саланың қайнар көзі Елбасы еңбегінен бастау алатыны ақиқат.
Отаншылдық рухты оятатын жұмыстардың барлығы бір-бірімен ұштасып отыратыны да сондықтан. Елбасы әр жолдауы мен мақаласында бұл бағыттағы ойларын жүйлеп, толықтырып, дамытып отырды. Мысалы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасымыз жергілікті билік «Туған жер» бағ¬дар¬ла¬масын жинақылықпен және жүйелі-лікпен қолға алуға тиіс деген ұстанымын жеткізді. Ал ол зер салып қараған адамға ономастиканың атқарар жұмысымен тікелей байланысты болып келеді. Аталмыш мақаладығы «... Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ¬дар¬ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. ...Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» деген жолдар біз айтып отырған жер су атауларына қатысты мәселелердің негізгі бастауы. Біле-білген адамға Елбасымыздың осы бағыттағы әрбір қадамы мен ұстанымы, айтқан ойлары мен сөздері бірін-бірі толықтырып жүйелі түрде ұлтымыздың рухын дамыту жолында жасалынған ұлы еңбек. Осы мақала шыққаннан кейін бірден үкіметімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің картасын» жасау жұмыстары талқыланып, барлық облыстарда түбегейлі іске асып, өңірлердегі қасиетті жерлерге көңіл бөліне бастады. Тарихи атауларға назар аударылды. Бұл іс ономастика саласының құлашын кеңге сермеуге тың күш берді. Осыныдай іргелі істердің арқасында қыруар дүние жасалынды. Әлі де атқарылары сөзсіз.
Сондықтан біз де осы ретте көкейде жүрген ойымызды айта кетсек. Тарихи тұлғалардың аттарын көшеге немесе елді мекендерге берген кезде бұрынғы кеңес дәруіріндегі нұсқасын ала салмай қазақы қалыпқа салып өзгертіп берсек нұр үстіне нұр болар еді. Тұлғалардың тегіне тіркеліп кеткен «ов», «ев»-терді алып тасатап ұлы немесе тегі деген сөздерді қоссақ. Бұл жұмыстың өзі де түбегейлі зерттеу мен қыруар күш жігерді қажет етеді. Сол мәселені түзетіп алсақ біртіндеп санамыздағы орныққан ойлар да өзгере бастар еді. Оны айтасыз қазірдің өзінде кеңестік дәуірде туған қазақстандықтардың көпшілігі әлі осы «ов» пен «ев» жалғанған құжатпен жүргенін қайда қоямыз. Сондай-ақ, кезінде құжат беретін мекемедегі қазақ тілін білмейтін мамандардың кесірінен әкеміздің немесе ата-бабамыздың аттарының өзі қате жазылып жүр. Орысша әріптерімен жазылған қазақша есімдердің мағынасы түсініксіз болып шыға келген. Ендігі үміт латын әліпбиіне көшу жолында осы кемшілік ескеріліп аты-жөнімізді құжаттарымызда қазақша сауатты жазуды жолға қойып алсақ жөн болар еді. Әрине елімізде аты-жөнін өзгерткісі келетіндерге барлық мүмкіншілік қарастырылыған. Бірақта азаматтардың өздері ден қоймай, еріншектік танытып жүргені белгілі. Сондықтан осы салаға жауапты мамандар бұл мәселені жан-жақты қарастырып, бір шешімге келсе деген ұсынысымыз бар. Жаппай өзгерту кезінде оған жіті көңіл бөлмей жүрген жандардың өздері де аты-жөні мен тегінде кеткен әріп қателерді түзетіп алуға талпынар ма еді. Өйткені олардың көпшілігі құжат өзгерту кезіндегі жұмыстардан қашқақтайтыны белгілі. Мысалы төлқұжатымыздағы тегімізді, атымызды өзгерткен немесе қазақша әріптермен жаздырған жағдайда кейбір құжаттармыз бұрынғы қалпында қала беретіні туралы шешім шығарылған. Бірақ кейбір маңызды мәселеге байланысты аты-жөнінің өзгергені туралы қосымша анықтама талап етіледі. Әрине аты-жөнімізді дұрыс жазуға талпыныс біртіндеп дұрысталып келеді. Бірақ тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келгендердің кейбірінде осындай қателік әлі де жеткілікті. Өйткені кейбірінің тегі әкесінің тегімен бірдей болып жазылу үшін солай жазылғаны түсінікті. Бұл мәселе елдік маңызы бар ірі жұмыстардың қасында жай нәрсе болып көрнуі мүмкін. Дегенмен бұның да қоғамдық сананы қалыптастыруда алар орны бар. Ал қоғамдық сананы қалыптастыру арқылы көп нәрсені оңтайлы жолмен дамытуға болатыны белгілі. Сондықтан тілге қатысты мәселелерді шешуді түгелдей қамтыған Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұл мәселеде ескерусіз қалмаған. Бағдарламадағы «Антропонимикалық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді» деген жоспар арқылы көптеген түйткілді дүниелер өз шешімін тауып келеді, әлі де ауқымды істер атқарыла беретіні ақиқат. Болашақта ономастика, антропонимика саласындағы барлық мәселе атаулы толығымен шешімін табатынына сеніміміз мол.

Нұрлы Еділов
No comments:
Post a Comment