Showing posts with label Ономастика саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру. Show all posts
Showing posts with label Ономастика саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру. Show all posts

Sunday, April 9, 2023

Ономастика саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру


Қазақстанда тәуелсіздік алған кезеңнен бері ономастикалық жұмыс жанданып, кезінде түрлі себептермен және саясаттың ыңғайымен өзгеріп кеткен қазақтың жер-су аттары мен елді мекендерінің біразының тарихи атаулары қайтарылып, ақиқат орныға бастады. Әрбір елді-мекендер, қалалар мен кенттердегі көше атаулары да заман талабына сай, біртуар тұлғалардың есімдерімен аталып жатыр. Атала береді де. Алайда осы көшелерге ат беруде және елді-мекендердің кейбіреулерін қайта атауда белгілі бір тәртіптің жоқтығы қынжылтады.