http://ibirzha.kz/a-zhajy-irini-onomastikaly-kelbeti/
Қазақ тілі – біріктіруші фактор, Номер газеты: 27 (1148)

Ономастикалық атаулар – ешкімді де бей-жай қалдырмайтын ғажайып әлем, өйткені айшықты атауларымыз төл тарихымыздың ажырамас бөлшегі. Дүниеде атаусыз нәрсе жоқ, не нәрсенің де өз атауы бар, тіпті тау мен тастың, кішкентай ғана бұлақтың немесе жотаның, белдің де өзіндік атауы бар. Өйткені, небір зат, болмаса тіршіліктегі құбылыс болсын, алдымен оның аты ауызға оралары хақ, содан соң ғана сол аттың заты жөнінде ойланатынымыз анық. Сондықтан, ат пен зат үйлесімділігі қашанда маңыздылығын жоймайды. Кең байтақ мекеніміздегі сан мыңдаған жер-су атауларының тарихында халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасы айқын бейнеленген. Қасиетті жеріміздегі төбе мен тау, көл мен өзен атауларының өзіндік сыры мен тарихи сипаты олардың әрқайсысына бабалар мұрасы ретінде қарауға негіз.
Қазақ елінің ұлан-ғайыр аумағының едәуір бөлігін құрайтын Батыс Қазақстан облысын ел арасында «Ақжайық өңірі» деп атайды. Бұл өлке Ақтөбе, Атырау облыстарымен және Ресей мемлекетінің бес облысымен шектесетіндіктен, біздің облыстың тарихи тамыры тереңнен бастау алады. Жалпы Батыс Қазақстан облысының жер-су атауларын бірнеше топонимикалық жүйеге жіктесек, аса бай тарихы бар өлкенің ономастикалық картасының біркелкі бейнесі шығады. Бұл Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясында көрініс тапқан. Мысалы, облыстың оңтүстік батысында орналасқан Бөкейордасы ауданының атауы «Орда» деген топонимнен туындаған, яғни орын немесе орналасу деген түбірден тараған. «Орда» сөзі – көне түркі тілінде ертедегі тайпалардың, тайпалық бірлестіктердің хандары мен бектерінің, ұлықтарының билік жүргізетін жерін белгілеу үшін қолданылған ханның сарайы, ел билеушілер тұрағы. Дәл осы топоним дәл бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Мысалы, «Отызында орда бұзбасаң, қырқыңда қамал алмассың» деген мәтел сөз, сондай-ақ «Орда бұзар отыз жас» деген сөз тіркесі осы сөзімнің нақты дәлелі бола алады.
Сонымен қатар, Жайық гидронимі суы жайылып ағатын өзен деген мағынадан туған, яғни қазақ даласының ірі ағысты Жайық өзені Орал, Жайық қаласы Орал қаласы болып өзгергендігі баршамызға аян. Ал, бүгіннің көзімен қарасақ «Ақ Жайық», «Жайық» топонимдері белгілі бір өңірдің атауы ретінде қолданылады. Қала атауы Орал – облыс орталығы, бір сөзбен айтқанда Орал тауы мен өзенінің атына қатысты қойылған, яғни оралып жатқан тау мен өзеннің көрінісін дәл бейнелегендіктен осылай аталған.
Енді Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар деп аталатын үлкен көл – халық арасында кеңінен қолданылатын топонимдердің бірі. Бүгінде шет елдік қонақтардың демалыс орнына айналған мемлекеттік дәрежедегі макротопоним Шалқы, яғни ернеуінен асып төгілу деген ұғымнан пайда болған, судың қасиетіне байланысты туған көне атау. Сондай-ақ, Казталовка ауданындағы Ақкөл деп аталатын көлдің аты ертеде сол өңірде өмір сүрген Ақкөл деген байдың жылқысы осы көлді жағалай қаптап жайылуына орай «Ақкөл» аталып кеткен. Осы аудандағы Қарасу ауылының аты қардың суымен толатын көл табанына орай берілген, осы жерге қар мен жаңбыр суы көп жиналатындықтан, қар, жаңбыр суынан жиналатын қара су деген мағынаны білдіреді, күні бүгін де Қарасу елді мекені деп аталып келеді. Талдыапан ауылы – түбінде үлкен су қоймасы бар ауыл, бұл табиғаттың сыйы. Бір кезде орыс байы осы жердегі көлді айнала алма ағашын, оған қоса ықтасын боларлық терек еккен. Бір қарағанда апан тәріздес бұл көлді кейін жергілікті халық Талдыапан деп атап кеткен.
Міне, өзіндік ерекше тарихы бар біздің өлкеміздің ономастикалық атаулары бір кездегі ел-жұртты салт-санасынан айырып, руханият тамырынан ажыратқан солақай саясат тұсында біраз өзгерістерге ұшырады. Дәл осы терең мағына мен құпия сырға толы жер-су атауларын отаршылдық кезеңнің таңбасынан арылту мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы бірқатар игі істерді кезең-кезеңмен жүзеге асырып келеді. Мысалы, қалаға іргелес орналасқан, өзге ұлт өкілдері көбірек қоныстанған Зеленов ауданындағы Чесноков ауылы – Сұлукөл, Первосвет – Шалғай, Набережный – Асан, Вавилин – Бастау, Кирово – Алмалы, Чебаково – Кеңжайлау, Белугин – Өркен, Родник – Айнабұлақ, Астраханкино – Аққайнар, Кузнецово – Бірлік, Красненький – Жігер, Калинин – Табынбай тәрізді айшықты атаулармен өзгертілді. Осы тектес елді-мекен атауларын өзгерту сән-салтанат үшін емес, елдігіміз бен бірлігіміз үшін қажет. Өйткені, тарихи атаулар – ұлттығымыздың айқын көрінісі. Біздің мақсатымыз отаршылдық кезеңді еске салатындай атауларды тілдің төл заңдылығына сәйкестендіру. Әрбір іс халықтан бастау алатындығын ескерер болсақ, дәстүрге бай, тарихы өнеге болатын өңір – Батыс Қазақстан жерінің айшықты атаулары өз жерінің тарихына айналуда, яғни топонимдер – жердің тілі болса, ал жер дегеніміз – географиялық атаулар арқылы адамзаттың тарихы жазылатын кітап.
Тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр, сондықтан келер ұрпақ тарихтан тағылым алу үшін елдігімізді әйгілейтін, ұлттығымызды ұлықтайтын тарихи атауларымыздың тарихи шежіре екендігін санаға құю – басты міндет. Өлкеміздегі әр жердің, судың, елді мекендер мен мәдени орындардың аттарының қатпарлы сыры – кейінгі ұрпаққа өнеге. Біздің мүдделі мақсатымыз – бабалар мұрасына байыппен қарай білу. Бұл орайда мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев еліміздің алдына әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылу міндетін қойған болса, ал осы бәсекеге қабілеттіліктің басты рухани көрсеткіші – мемлекетіміздің тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің іргесін қалайтын, оның қабырғасын тұрғызатын, күмбезін көтеретін бірден-бір құрал. Біз 30 озық елдің қатарына мемлекеттік тіл арқылы жете аламыз, өйткені, әлемдік қауымдастық өз болмысымен танылған елді ғана мойындайды. Мемлекетіміз өркениет көшіне бет бұрған тұста өзімізді өзгелерге таныстырудың басты айқындауышы – елді мекен, жер-су атаулары.
Жердің аты – бұл тарих қойнауынан сыр шертетін шежіре, ал бұл – болашақ ұрпақ үшін аса қажет құндылық. Жердің аты өшсе, тарихы да бірге өшті деген сөз. Сондықтан, ономастикалық атаулар – рухани байлығымыз, этникалық мәдениетіміз, салт-дәстүріміздің бір бөлшегі, олар қоғаммен бірге жасасатын ескерткіш, ғасырдың бізге тарту еткен сыйы. Қазақтың ұлттық болмысын, белгілі бір дәуірдің тарихын топонимдердің шығу тарихына қарап біле аламыз, оларды қалпына келтіріп, келесі ұрпаққа аманат ретінде қалдыру – сала мамандарының ұстанымы. Жалпы облысымыздағы ұлттық ономастикалық саясатты нық орнықтыру бағытындағы жұмыс өзінің жүйелілігімен ерекшеленеді. Соңғы 5 жылда Батыс Қазақстан облысы бойынша бірталай ауыл-аймақтарға егемендігімізге сай атаулар беріліп, кейбір мағынасы жойылған географиялық объектілер мен көшелердің, білім ордаларының атаулары тәуелсіздік талабына сай өзгертілді. Ақжайық өңірінің жер-су атауларының ерекшелігі олардың айшықтылығында, мысалы, Қаражар, Жаңатаң, Сұлукөл, Бәйтерек, Ақтау, Мерей, Амангелді, Атамекен, Алмалы, Қосшы және т.б.
Қолданыстағы заңға жүгінер болсақ, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңында атқарушы және өкілеттік биліктің төменнен жоғарыға дейінгі міндеттері айқын көрсетілген. Алайда, қай деңгейге болмасын билік өз өкілеттігін сол атауы өзгертілуге тиісті жерлердегі халықтың пікірімен санасып қана жүзеге асырады делінген, яғни осы шаралардың бастауында халық тұр деген сөз. Осы мақсатта былтырғы жылы облысымыздың барлық аудандарының ауылдық округтерінде жергілікті тұрғындардың жиналыстары өткізіліп, басқарма тарапынан ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бұл жұмыстар бүгінгі таңда өз нәтижесін беруде. Байырғы жергілікті ұлт өкілдерінен тұратын аудандарда елді-мекен, жер-су қала берді көше атауларын өзгерту мәселесі түбегейлі реттеле келді және олардың шешілуіне еш кедергі болған да емес, өйткені, ономастика мәселесі – қоғамның толғақты мәселелерінің бірі.
Біздің мақсатымыз – тәуелсіз мемлекетіміздің сипатын білдіретін, ұлттық тарихымызды айшықтайтын атаулар арқылы ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу жастардың санасында елдік пен ерлік дәстүрлерін қалыптастыру болып табылады. Өйткені, Батыс Қазақстан жері – дәстүрге бай, тарихы өнегеге, сырға, шежіреге толы өңір, халықтың аялап қойған атауларын – ғасырлық мұрамызды ұрпақ санасына ұялата алмасақ бізге сын. Мән-мағынасы анық, тарихтан сыр шертетін атаулар әр адамның жүрегіне жылы тиері даусыз. Республика бойынша ономастикалық бірліктер атауына жарияланған уақытша тоқталысқа қарамастан, басқарма мамандары Ақжайық өңірінің ономастикалық атауларын ұлттық мүддемізге сәйкестендіру мақсатындағы түсінік жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек. Ұлттық ономастикамыздың бүгініне тоқмейілсімей, өз өлкеміздің ономастикалық ажарын бүгінгіден де ажарландырып, облыстың ономастикалық картасын кеңейте түсу – сала мамандарының негізгі міндеті.
Ономастиканың келесі бір өзекті тұсы – антропонимика, яғни кісі есімдерін, әсіресе, адам аты-жөндерінің құжатта жазылуын қамтамасыз ету мақсатында облыс мектептері мен кәсіптік білім беру мекемелерінде «Мәңгілік ел идеясы – ұлт құндылығы» патриоттық шарасы жылма-жыл өткізіліп келеді. Шараның мақсаты – «Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын реттеу» туралы Президент Жарлығын насихаттау. Мәселен, орыс «а» қосымшасының қазақ есімдеріне де жалғануы құжатта да көрініс таба бастады. Мысалы: Жанара, Аселя, Айгуля және т.б. Сөйтіп, ұлттық есімдер өз мазмұнынан, шырайынан айырыла бастады. Осы үрдістен жастарды алшақтату, қауіпті құбылысқа айналмауын қамтамасыз ету және Кеңес дәуірінен келе жатқан тегіміздегі -ов, -ев, -ин, -ич-терден арылуды насихаттауда бұл шараның мәні зор. Биылғы жылы аталмыш шара ел тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесімен орайластырылып, «25-жылдыққа – 25 патриоттық шара» айдарымен облысымыздың бірқатар аудандары мен қала мектептерінде өз жалғасын тапты.
Осы мақалаға арқау болған мәселелерді реттеу үшін «Ұлттық ономастика» және «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңдарды қабылдау, ҚР «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарына өзгерістер енгізу қажет. Ономастика мәселесі – ел тәуелсіздігінің рухани көзі, ел еңсесін көтеретін саяси мәні бар мәселе. Нағыз тәуелсіз ел болған уақытта тіл мәселесіне қалай болса солай қарау ұлтымызға сын. Осыған орай әлем мойындаған мына бір қағиданы ұстануымыз қажет, ол тәуелсіз елдің тәуелсіз тілі болуы тиіс деген қағида. Сондықтан, ғасырлар қойнауынан сынын бұзбай, қуатын кемітпей, әрі мен нәрін жоғалтпай таза да көркем келбетімен жеткен ұлттық құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа жеткізу – барлық тіл жанашырларының міндеті.
Олай болса, әрбір адамның атамекені – алтын бесігі, жер бетіндегі барлық асылдан қымбат дүние екендігін әрдайым есте ұстап, жердің ата-бабаның хаты екендігін ескере отырып, туған өлкеміздің ономастикалық ажарын айшықтауға өз үлесімізді қосайық. «Әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты елді-мекен, жер-су атаулары мен адам аттарының атадан балаға жалғасып жататын жақсы дәстүр бар» деген Ш. Уәлихановтың пікіріне жүгінсек, бұл дәстүрді жалғастыру, оны ұрпақ қажетіне жарату бағытында жұмыстанып, жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығын дәлелдейік.
Ендеше, тіліміздің қасиетіне қасиет қосып қайта түлету үшін бір кездегі ешкімнің намысына тимей аса бір сақтықпен жүргізілген тарихи атауларымызды қалпына келтіру мәселесіне бүгінгі күннің көзімен қарап, себебі, төл тарихымыз бен мәдениетіміз арқылы қазақ өркениетінің көшін ілгерілету қажет деп есептеймін.

Гульнар Әлжанова,
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы
Суреттерді түсірген Я. Кулик
При любом использовании материалов сайта, гиперссылка на ibirzha.kz обязательна.

No comments:
Post a Comment