Monday, April 9, 2018

"Ономастика: ізденіс пен тәжірибе" тақырыбында конференция өтті

link

Бейсенбіде "Ономастика: ізденіс пен тәжірибе" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды шараны Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Ақтөбе облысы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қолдауымен ұйымдастырды.


Басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттердің бірі ұлттық кодтың негізі ұлттық мәдениетті, және оның ажырамас бөлігі ұлттық атауларды зерделеу, насихаттау, әлемдік деңгейдегі ғалымдардың аталмыш тақырыптардағы көзқарастары мен ғылыми ізденістерін тыңдау, заманауи ғылыми ақпаратпен алмасу, ономастиканың Қазақстандағы және шет мемлекеттерде тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің тарихи және мәдени қоғамдастығы мен жаңа әлеуметтік шындық тұрғысынан салыстырмалы зерттелуіне жағдай жасау және дамыту көзделді.
Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мельдешов, Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, ғалым, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бас ғылыми қызметкері Мекемтас Мырзахметұлы, филология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласы Орал мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Татьяна Александровна Гридина, кезекте Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы Орал мемлекеттік педагогикалық университетінен келген филология ғылымдарының докторы, профессор Надежда Ильинична Коновалова, Түркия елінен Эге университетінің Түркі әлемін зерттеу институтының негізін қалаушы, академик Фикрет Туркмен, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор Сапаров Қуат Табылдыұлы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Галина Николаевна Поваляшко, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі Пангереев Абат Шамұлы секілді Қазақстандық және Ресей, Түркия мемлекеттерінің жетекші ғалымдарының ой-пікірлері айтылып, тыңдарман қауым мол ақпаратқа қанықты. Сонымен бірге жиынға өңірлердегі тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қалалық мұражай және кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, ғалымдар қатысты.
Конференцияда ұсынылған тың идеялар, ашық пікірлер еліміздің рухани әлеміне жаңа леп әкеліп қана қоймай, аталған бағыттар бойынша атқарылар жұмыстарға бастау болары сөзсіз.

No comments:

Post a Comment