Wednesday, April 11, 2018

"Астана" мен "Алматы" атауы бірауыздан мақұлданды





Облыстық мәслихат депуттары қаладағы жаңа аудандарға Астана мен Алматы атауларын беру туралы қала әкімдігі жанынан құрылған комиссияның ұсынысын бірауыздан қолдады. Енді соңғы шешімді республикалық ономастика комиссиясы қабылдауы тиіс. Биыл Астананың 20 жылдығы, Алматы-мемлекетіміздің мәдени орталығы. Бүгінгі сессияның тарихи жиын екенін тілге тиек еткен Ілия Испанов, депутаттардан жаңа аудандарға осы екі қаланың атауларын беруді қолдауды сұрады. Депутаттар бұл атаулар ресми жарияланған күні елорда мен Алматыдан танымал адамдарды шақырып, тұсау кесу тойын өткізуді ұсынды. Жұмыссыздар кәсіптік-техникалық бағытта тегін білім алуы қажет. Алайда, тек тұрақты мекен-жайы бар, құжаттары түгел азаматтарға ғана мұндай мүмкіндік беріледі. Бүгінгі жиын барысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына тапсырма берді. Аз уақыттың ішінде олар өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардың кәсібін ресми тіркеп, әлеуметтік көмек тағайындауы тиіс.

Сайт телеканала
http://www.rikatv.kz/

No comments:

Post a Comment