Monday, November 25, 2024

Жазира Ағабекова: Бізде арнайы ономастикалық заң жоқ


"Қазақ үні" ютуб арнасының бүгінгі қонағы ономастика саласының маманы Жазира Ағабекова. Мазмұны: 0:00 – Қонақта – ономаст ғалым Жазира Ағабекова 01:14 – «Ономастика – тек жер-су атаулары емес» 03:06 – «Иракқа әскери отряд қонғаннан бірінші өзгергені – әуежай атауы» 05:10 – Атауларды жаппай қазақшалайтын уақытты өткізіп алдық па? 06:37 – «Бізде арнайы ономастикалық заң жоқ» 07:38 – Заң болмаса, қазіргі кезде бұл мәселелер қай заңдармен реттеліп жүр? 08:56 – «Жерге қайта атау бергенде, жергілікті халықтың пікірін ескерту қағидасы бар. Негізгі «сылтау» – осы» 09:36 – Елдімекеннің атын өзгерту керек. Процесс қалай жүреді? 11:01 – Ұзын-сонар процессті оңтайландыру жолы бар? 12:01 – «Петропавл мен Павлодардың атауын өзгертуге жергілікті халық қарсы деген ойлар айтылады. Бірақ сол бойынша зерттеу ақпаратын көрген жоқпын» 13:32 – «Орыстарға жаба беруге болмайды. Ол жерде атқарылатын жұмыстар жүргізілуі тиіс. Қандай жұмыстар?» 15:50 – Қазір ономаст ғалымдар бар ма? Олар қайда жүр? 17:23 – «Бізде партсъедер, октябряскі, ленин атындағы көшелер толып жатыр» 19:07 – Жер-су атауы бойынша статистика қандай? 20:02 – «Ең қиын жағдай Қостанай, СҚО, ШҚО аймақтарында. Трансшекаралық аумақтарда тек бір-екі маман жұмыс істейді» 21:37 – «Әр жылы Ресей «Қазақстанның солтүстігі – біздің жерлер» деп айтып қалады» 22:07 – Саратов, Омбы, Астрахань – сол атауларға қарап, бұл біздің жер болғанын айтып отырмыз. Сол секілді олар да Петропавл мен Павлодар біздің әскери бекініс деп айтуы мүмкін» 22:58 – «Өзбекстанмен, Қытаймен шекаралас аудандардың барлығының жер-су атаулары қазақша» 24:51 – «Тарихи атауларды қайтарғанда жергілікті халық қарсы болмады» - Ақмола облысының кейсі 26:57 – «Ономасттар жұмысын жасап жатыр. Заңымыз әлсіз» 27:35 – «Апамның атын ауылға, көкемнің атын көшеге» – кімнің қаражаты бар сол көше, мешіттерге ат берді» 29:11 – «Министрлікте ұлы тұлғалар тізімі бар. Бірақ оның ресми құжаттық күші жоқ» 31:07 – «Ең қиыны – мектепке атаулар бере бастады. Мысалы бала Мұхаммед Саид атындағы мектепті бітіріп, АҚШқа оқуға түсті. Ол кім сонша ана жаққа мектептің атын тарататын?!» 32:10 – «Шетелдік атаудағы тұрғын үй кешендерінің эконом класс емес екендігі бірден білінеді» 34:40 – «Қобыз», «Домбыра», «Заман» сынды мағынасы келмесе де берілген атаудың мағынасы неде? 35:55 – Көше атаулары: ұлт пен жаһандану 38:30 – Ағылшын тілінде атау беру сәнге айналып кетпеді ме? 40:14 – «Теледидар бағдарламаларында ағылшын мен қазақ тіліндегі сөздер араласып, қалай болса солай қолдану бар» 41:41 – «Арабша есімдер өзінің түпнұсқасында, тілге иегрілмей беріліп жатыр» 43:22 – «Қазақ сөздерін латын графикасында жазу деген бұрынғы қателердің үстіне қате қосты» 45:30 – «Бірнеше елде балаға ат қоюдың заңы, тыйым салынған есімдер бар» 48:08 – Көрші түркі елдеріндегі жағдай қандай? 49:53 – «Жер-су атауын мемлекет өзі беруі керек!»

No comments:

Post a Comment