Tuesday, February 25, 2020

«Ономастикалық жаңғыру – рухани жаңғыру кепілі» семинар-кеңесінде

link

24.02.2020
ШҚМУ оқытушылары ономастика мәселесіне арналған семинар-кеңесте баяндама жасады
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары «Ономастикалық жаңғыру – рухани жаңғыру кепілі» семинар-кеңесінде баяндама жасады.
Катонқарағай ауданында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісованың төрағалығымен «Ономастикалық жаңғыру – рухани жаңғыру кепілі» семинар-кеңесі өтті.
Шарада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценттері, филология ғылымының кандидаттары Бердібек Бияров, Айгүл Әлімхан, Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев баяндама жасады.
Семинар-кеңеске аудандағы атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ақсақалдар, тұрғындар қатысты.
Семинарда елдімекендер мен жер-су атауларының тарихи атауларын қалпына келтіру мәселесі қаралды. Сонымен қатар, кеңес заманынан қалған идеологиялық тұрғыда ескірген көше атауларын ұлттық, тарихи атаулармен қайта атау ұсынылды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

No comments:

Post a Comment