Saturday, October 16, 2021

ҰЛТТЫҚ ОНОМАСТИКА – ЕЛ АЙНАСЫ


Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты республикалық конкурстың өңірлік кезеңі өтті. Сайысқа 11 ауданнан келген 3 команда қатысып, бақтарын сынады.

Екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Ұлттық ономастика – ел айнасы» конкурсының басты мақсаты ұлттық ономастиканың рөлін арттыру, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту, сондай-ақ сала мамандарын моральдық және материалдық тұрғыда көтермелеу.

ЕРНИЯЗ СҰЛТАНОВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРАМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

  • Аталған байқауға облыс аудандарында тіл саясатымен айналысатын бөлімдегі ономастика саласына жаупаты мамандардан құралған 3 топ қатысады. Байқау 4 кезеңнен тұрады. Таныстыру, Заңнамалық сұрақтар, викториналық сұрақтарға жауап беру.

Бибігүл Темірбекова Мамлют ауданы әкімдігінің тілдерді дамыту бөлімінде жұмыс істейді. Маман өткен жылы осы конкурсқа қатысып, республикалық кезеңде 2-ші орынды иеленді. Бибігүлдің сөзінше былтыр олар Заңнама бойынша сұрақтарға жауап беруде аздап қиналған. Сол себепті, биыл дайындық барысында осыған басымдық берген. Ал, еліміздің көрікті орындары бейнеленген суреттерден олардың аты мен орнаалсқан жерін тауып айту қиынға соқпады.

БИБІГҮЛ ТЕМІРБЕКОВА, МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

 - Өзім жеке маман ретінде бұл байқауда мен өзіме үлкен үлгі алдым, тәжірибе алдым деуге болады. Себебі, біз ауылды жерерде идеологиялық ескірген атауларды өзгерутмен айналысамыз.

Қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал, үздік атанғандар қараша айында Павлодар қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Майгүл Сейілбек

No comments:

Post a Comment