Showing posts with label Ұлттық ономастика мәселелері. Show all posts
Showing posts with label Ұлттық ономастика мәселелері. Show all posts

Monday, October 1, 2018

«Ұлттық ономастика мәселелері» республикалық семинары өтеді

link

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, Павлодар қаласында 2018 жылғы 25 қазанда «Ұлттық ономастика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Ісшара барысында идеологиялықтұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелерімен қатар өңірлердегі ономастикалық ахуал жағдайы, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын маңызды мәселелер қаралатын болады.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардағы облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ зиялы қауым жәнеБАҚ өкілдеріқатысады.
Өтетін орны: Павлодар қаласы, 1-Май көшесі 35/1, Достық үйініңкіші мәжіліс залы
Басталуы: сағат 15.00.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 87477285800, 87016752660, 40-83-93.